фото: Фото: Валерий Бугаев
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін облыс әкімі Асайын Байханов және «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мұнай-химия зауытында битум өндіретін жаңа қондырғыны іске қосу рәсіміне қатысты. Бұл жол құрылысындағы ең маңызды материалдардың бірі – битум өндірісін айына 52 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
– Жаңа қондырғының іске қосылуы отын газы мен сұйық отын бойынша жану шығарындыларын 44%-ға төмендетеді, яғни, көмірқышқыл газы шығарындыларының азаюы нәтижесінде қоршаған ортаға әсер азаяды, – делінген хабарламада.
Зауыт – Қазақстанның мұнай өңдеу саласындағы жетекші кәсіпорындардың бірі. Шикізаттан өндірілетін өнімдер қатарына әртүрлі маркалы бензин, дизель, реактивті отын, сұйытылған көміртек газы, техникалық күкірт, битум, мұнай коксы, пеш отыны және техникалық көміртек кіреді.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через