Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері жұмысын қалай жалғастырады?

Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері жұмысын қалай жалғастырады?

       Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері әлеуметтік педагог ретінде жұмысын жалғастыра береді, деп мәлімдеді білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

       Келесі оқу жылынан бастап өзін-өзі тану пәні 1-11 сыныптар арасында емес, тек бір сыныпта ғана оқытылады әрі оқушылардың өздерінің таңдауы бойынша ғана өткізіледі.

       "Мысалы үшін, 5 сынып оқушылары бұл пәнді оқығысы келсе, онда бұл пән тек 5 сыныптарда ғана өтеді. Мамандарды дайындауға келетін болсақ, біздің университеттерде "әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану" мамандығы болды, оның мазмұны әлеуметтік педагогиканың дағдылары негізінде. Сондықтан олардың көпшілігі білікті педагог ретінде жұмыс істейді және жұмысын жалғастыра береді. Оның үстіне бұл пәннен сабақ беретін мұғалімдердің көпшілігі басқа пән мұғалімдері. Олардың қатарында психологтар, тарихшылар бар... Олар өз сабақтарын өтуді жалғастырады, сол себепті ешқандай мәселе жоқ", - деді Аймағамбетов.

       Айта кетейік, мектеп бағдарламасына өзін-өзі тану пәнін енгізу Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың зайыбы Сара Алпысқызының бастамасымен жүзеге асқан

       Stan.kz