Volkswagen компаниясы электрлі орындық жасап шығарды. Бірақ мұның америкалық электрлі орындыққа ешқандай қатысы жоқ. Бұл кеңсеге арналған, өзі жүретін технологиялық орындық.
Оның қауіпсіздік белбеуі, жарық беретін жүйесі, дыбыс дабылы, тіпті мерекелік көңіл-күй сыйлайтын қосымша шамдары бар. Сонымен қатар орындық парктрониктермен, артқы көріністі көрсететін камерамен жабдықталған. Мұндай орындықпен кеңсе ішінде ары-бері жүйіткіп жүру, бір ғанибет шығар.
Ол сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Оған бір электрқозғалтқыш пен қуаты 12 шақырымға жететін батарея орнатылған. Өкінішке қарай, ерекше орындықты сатып алуға болмайды. Бұл прототип, жалғыз данамен шығарылған. Компания бұл жаңалығын өз өнімдерін жарнамалау үшін ойлап тапқан екен.
Фото: gai-news.ru
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через