Өзбекстан халқының саны 37 миллионға жуықтады

Өзбекстан халқының саны 37 миллионға жуықтады
фото: pexels.com

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша республиканың тұрақты тұрғындарының саны 36 963 262 адам болған. Бұл туралы Өзбекстан президенті жанындағы статистика агенттігі хабарлады.

16 сәуірде бұл сан 36 990 128 болды.

Республиканың тұрақты тұрғындарының саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% өсті.

2024 жылдың басынан бері халық саны 163 500 адамға артқан.

Өзбекстан халқы 2024 жылдың әр айында орта есеппен 54,5 мың адамға көбейіп жатыр.

2024 жылда әр күн сайын тұрақты тұрғындарының саны орта есеппен 1,8 мың адамға артып отыр.

2024 жылдың қаңтар айында Өзбекстан халқының саны 36,8 миллионға жуықтаған еді.