фото: pixabay.com
Өзбекстанда автокөліктер мен олардың тіркемелерін рәсімдеу және қайта тіркеуден өткізу үшін алынатын төлем мөлшері өсті. Ішкі істер министрінің тиісті бұйрығы 1 сәуірден бастап күшіне енді. Бұл туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Құжатта жазылғандай, 1 сәуірден бастап электромобиль, мотоцикл және тіркемелерді рәсімдеу құны 15 есеге, яғни 1,5 базалық есептік шамаға (18 мың теңге) дейін ұлғайды.
Ал қалған көлік құралдары үшін бұл мөлшер 68,4 есеге өсті. Атап айтқанда, жанармаймен жүретін темір тұлпарларды тіркеуге ниетті өзбекстандықтар енді 2,32 млн сум (82 мың теңге) төлеуі тиіс.
Бұған дейін барлық автомобильдер мен тіркемелерді рәсімдеу құны 34 мың сум (1 200 теңге) болған еді.
Өзбекстанда зиянды санаттағы көліктерді экологиялық таза көліктерге ауыстырғандарға субсидия беру жоспарланған.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через