Қазақстанда теңгедегі депозиттердің максималды мөлшерлемесі өсті. Шешім Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесін ұлғайту дәстүріне байланысты болған. Мамандар мұның ешқандай пайдасы жоқ екенін алға тартты.
Өсім мерзімді депозиттерге, сондай-ақ үш және алты айға ашылған депозиттерге әсер етті. Шұғыл емес шарттарда өсім 1,5 тармақты құрап, 15,5%-ға дейін көтерілді.
Жинақ салымдары бойынша мөлшерлемелер де 1,5%-ға өсті. Мерзімді депозиттер бойынша табыстылық толықтырумен 16%-ға және толықтырусыз 16,5%-ға дейін өсті. Жаңа максималды тарифтер бүгіннен бастап күшіне енеді.
Депозиттер құнының қымбаттауы салымшылар үшін жақысылықтың белгісі болғанымен, қазіргі жағдайда инфляция пайда табуға мүмкіндік бермейді дейді экономистер.
Арман Бейсембаев, экономист: -
“Жылдық 15-16 пайыз жалпы алғанда өте лайықты кіріс, бірақ ол қазіргі инфляцияны өтей алмайды. Яғни, қазір теңгелік депозитке ақша салып, теңгелік депозитте ақшаны сақтай отырып, сіз жылына 2% шамасында өз жинақтарыңызды құнсыздандырасыз”, – дейді экономист Арман Бейсембаев.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через