Болашақта Отбасы банкінің салымшылары 30% басталатын алғашқы жарнамен құрылыс салушылардан тұрғын үй сатып алуы мүмкін, деп хабарлайды Standard.kz.
«Жыл басынан бері Отбасы банк қызметкерлері 8400 заем берді. Демек, күніне 150-160 адам қолжетімді несиеге өтініш беріп, қоныс тойын тойлайды. Берілген несиенің төрттен бірі Алматының үлесіне тиесілі. Сонымен қатар, қала тұрғындары жинақтау және одан әрі тұрғын үй сатып алу үшін күн сайын 100-ден астам жаңа депозит ашады. Алайда, оның бәрі мемлекеттік бағдарламалардың шарттарына сәйкес келмейді. Сол себепті, біздің инвесторларымыздың көпшілігі тұрғын үйді коммерциялық нарықтан сатып алады. Қазір біз құрылыс салушылармен бірге жаңа механизм әзірлеп жатырмыз, оның басты құндылығы бастапқы жарнаны 50%-дан 30%-ға дейін төмендету», – деп түсіндірді «Отбасы банк» Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данагүл Түсіпова.
Егер тараптар келісімді бекітсе, Алматыда жаңа әдіс бойынша Отбасы банк клиенттеріне қаланың 10 тұрғын үй кешеніндегі 850 пәтер ұсынылады. Тұрғындар өздеріне ұнайтын нысанды таңдап, баспаналы болу үшін несиеге өтініш бере алады.
Фото sputnik.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через