Отандық кілем ішкі нарықты қамти ала ма?

Отандық кілем ішкі нарықты қамти ала ма?

     Қазақстандық кілем өндірушілер импорттық тауарларға кедендік БАЖ салығын енгізуді сұрап отыр.

     Өйткені ішкі нарыққа Өзбекстан мен Түрік елінің кәсіпкерлері үстемдік етіп, олармен бәсекелес болу қиындап барады. Елімізде кілем өндірісімен айналысатын екі ірі фабрика бар. Шымкентте орналасқан кәсіпорындар жылына 9 миллион шаршы метр кілем шығарады.

     Бұл - елдегі кілем шығарумен айналасын бірегей өндіріс ошағы. Мұнда жылына 5 миллион шаршы метр кілем шығарылып, өзге де тоқыма өнімдері дайындалады. Алайда өндірісті ұлғайтып, өнім көлемін арттыруға мүмкіндік туғанда нарыққа шет мемлекеттерден келетін тауар үстемдік етті. Кедергіге тап болған кәсіпкерлер отандық өнімді қолдауға бағатталған шараларды қолға алу керек деп есептейді.

     Дәулет Қанашаев Фабрика директорының орынбасары:

     - Шет елден келетін импорттық тауарларға кедендік салықтардың деңгейін көтеру немесе кедендік бағаларды көтеру. Бұл дегеніміз сырттан келетін кілемдердің емін-еркін кіруін азайтады. Сол арқылы біздің отандық кілем өндірісін кішкене аяққа тұруға көмектеседі.

     Несібелі Өткелбаева сауда-саттық нарығында 30 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер. Тоқыма өнімдерін өндіріс орнынан тікелей Қызылорда базарларына жеткізеді. Айтуынша отандық кілемнің өтімділігін арттыру үшін фабрикалар шетелдік үлгіге иек артады. Бірақ тұтынушы талғамы әр түрлі.

     Несібелі Өткелбаева кәсіпкер:

     - Өте жақсы шығарып жатыр. Халыққа тиімді. Бағасы да, сапасы да, түрі де. Барлығы лайықты. Бірақ арасында дизайнерлерге айтайын дегенім бар. Біз қазақ ұлтымыз ғой. Сол қазақ ұлты болғандықтан бізге шамалы түрін келтіріп, қызғыш түрінен, розвый түрінен, фиолетовый түсін араластырып дизайнды сөйтсе.

     Шымкенттік фабрикалардан шыққан тауар ел аумағына бес жүзден аса дестрибютер компаниялар арқылы тасымалданады. Қала берді Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдеріне сатылады. Осылайша экспорттың үлесі 30% құрады. Бірақ кілем өндірісін одан әрі дамытуға кадр тапшылығы да қолбайлау болып тұр.

     Оғыз Дүррү, өндіріс бөлімінің басшысы:

     - Дәл қазір біз университеттермен де бірігіп жұмыс істеп келеміз. Бірақ бұл жерде ең үлкен мәселе ЖОО келген студенттердің көбісі ескі материалдармен оқытылады. Бұл дегеніміз заманауи емес. Заманауи болмағандықтан қазіргі тоқыма корпустары болсын, жіп шығаратын мәшинесінде жұмыс істеуге сай емес. Сол себепті теория мен практиканы біріктіру өте қиын болып жатыр.

     «Отандық өнім бәсекеге төтеп берсін десек мемлекеттік қолдауды күшейту керек. Республикалық форумға жиналған тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер осылай»,- дейді. Ал салаға жауапты басқарма салықтық жеңілдіктер жүйесін ұсынып отыр.

     Ермек Тұрманов, Қалалық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

     - Арнайы экономикалық аймағында кәсіпкерге төрт түрлі салықтық жеңілдіктер берілген. Яғни мүлік салығы, жер салығы, корпоративті табыс салығынан, одан бөлек импорттың қосылған құн салығынан босатылады. Бұл дегеніміз жеңіл өнеркәсіп саласына ең маңызды салықтық жеңілдіктер болып табылады.

     Сондай-ақ сала мамандары «биыл мақтаны терең өңдеп, жеңіл өнеркәсіпті дамытқысы келетін кәсіпкерлерге жеңілдетілген пайызбен несие беруді жоспарлап отыр. Бұл салаға серпін беретін жаңа жобалардың көбеюіне жол ашады»,-дейді. Ал импорттық тауарларға қатысты кедендік БАЖ салығы жуық арада үкімет деңгейінде қаралады. Авторлары: Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов

     Ақпарат дереккөзі: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/600599-otandy-kilem-ishki-nary-ty-amti-ala-ma