фото: ukrpolypack.com.ua
Күнделікті пайдаланып жүрген целлофан пакеттерді енді суда ерітіп жіберуге болады. Өскемендік ғалым биоыдырағыш полиэтилен ойлап тапты.
«Бұл эко-бастаманы тауар қаптамаларын шығару өндірісінде кеңінен қолданысқа енгізу керек», - деп отыр Нариман Қайырбеков.
Өйткені күнбағыс тұқымы мен далалық өсімдіктердің сабағынан жасалатын пакеттердің қоршаған ортаға зияны жоқ.
Жобаны ірі өндірістік желіге қосу үшін арнайы қондырғылар қажет. Ғалым керекті техникаға Ғылым және жоғары білім министрлігінің гранты арқылы қол жеткізуді жоспарлап жүр. Бұл өте өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік бермек. Мәселен, жыл сайын мұхиттарға 6 миллион тоннадай қоқыс тасталады екен. Соның басым бөлігі - целлофан өнімдері.
Нариман Қайырбеков, С.Аманжолов атындағы ШҚУ кіші ғылыми қызметкері: - Жобамыз бойынша мемлекеттік грантқа үміткер ретінде ұсыныс тастаған болатынбыз. Егер де грант ұтып жататын болсақ, толығымен коммерциялизациялық тұрғыда үлкен масштабта қазақстандық өнім полиэтиленге балама полимер шығаруға болады. Өйткені біздің алу методикамыз толығымен қамтылған, толығымен жасалған болып тұр.
Дереккөз 24.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через