фото: Хабар 24
Өскемендік Вячеслав Асанов небәрі бес жыл ішінде балық кластерін құрды.
Бүгінде алабалық фермасын табысты дөңгелетіп отырған жайы бар. Су маржандарын өсіріп, табыс көзіне айналдырған азамат Қазақстан мен Ресейдің 15 сауда нүктесіне өнім тасымалдайды.
Балық өсіру Вячеслав Асановтың бала күнгі арманы. Мұратына жету үшін жергілікті су айдындарының біріне форель әкеліп, өсіре бастаған. Тынымсыз еңбектің арқасында Асановтар отбасы Қазақстан мен көрші Ресейдің шекаралас қалаларына сапалы өнім тасымалдайтын ірі кәсіпорын иесі атанды.
Вячеслав Асанов, балық өсіруші:
- Бес жасымнан бері балық аулап келемін. Осы істі жақсы көретінім соншалық, жеке ісімді ашқым келді. Арманыма жетуге анам, жұбайым, балаларым қолдау көрсетті. Бүгінде штатта 40 қызметкерім бар. Олар өз ісінің шеберлері, жұмыстарына адал.
Отбасылық бизнестен ірі кәсіпкерлікке. Вячеслав Асанов балық өсірумен шектелмей, өнімді қайта өңдеу желісін іске қосуды мақсат етті. Қазіргі уақытта балық консервілері ішкі және сыртқы нарықта сұранысқа ие. Бірегей желіге авторлық құқық та алған.
- Вот эта продукция разработанная на нашем предприятии имеет патент и не имеет аналогов в мире, мы гордимся этим продуктом.
Елена Асанова отағасының сенімді серігі. Шаңырақта ғана емес, бизнес те де әрдайым жанынан табылады.
Елена Асанова, В. Асановтың жұбайы:
- Бизнесте туған-туысқандардың қолдауы маңызды. Себебі жеке кәсіпті тізгіндеу оңай шаруа емес. Тынымсыз жұмыс істеу керек. Жолдасым екеуміз мәселелердің барлығын бірлесіп шешеміз. Асановтар отбасы салаға қатысты күрделі мәселелерді шешуге де ниетті. Мәселен, өзен-көлдердің 50 метрлік санитарлық-қорғау аумағында шаруашылық нысандарды салуға тыйым салынған. Рұқсат алу үшін заңнамаға өзгертулер енгізу қажет.
Вячеслав Асанов, балық өсіруші:
- Біз «Қазақ балық» атты балық өсірушілер қауымдастығын құрдық. Республикалық аккредитациядан өттік. Біз саладағы көптеген мәселелерді шешу үшін заңнамаға өзгертулер енгізгіміз келеді. Мәселен, экологиялық таза балық өсіру шаруашылығын дамыту үшін жер учаскелерін алуды көздеп отырмыз.
Салалық қауымдастықтың 100-ден астам мүшесі бар. Мақсат бір – саланың күрмеулі мәселелерін шешуге атсалысу. Ортақ іс оң нәтиже беруде. Айта кетейік, облыстағы Зайсан, Шүлбі және Бұқтырма су қоймаларында уылдырық шаруашылығы дамып келеді. Тоғандарға тұқы тұқымдастарының бірнеше миллион данасы жіберілген
Ақпарат дереккөзі:.24.kz
Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/613620-skemendik-k-sipker-az-antaj-ua-ytta-baly-klasterin-rdy
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через