Өскеменде тұрмыстық қалдықты сұрыптау кешені іске қосылды

Өскеменде  тұрмыстық  қалдықты  сұрыптау  кешені  іске  қосылды
фото: https://sputnik.kz

Өскеменде  тұрмыстық  қалдықты  сұрыптау  кешені  іске  қосылды

"Жасыл даму" АҚ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың инфрақұрылымын дамыту жобасы аясында Өскеменде заманауи сұрыптау  желісі  іске  қосылды.

Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отырған заманауи кешен жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын мүмкіндігі бар. Автоматты сұрыптау жабдығының құны 2 660 000 еуроны құрайды.

2020 жылдың желтоқсанында сұрыптау желесін жеткізуге арналған үшжақты келісімге сәйкес құрылғыларды Гректің "Sabo" компаниясы орнатушы, "ӨКМ Операторы" қаржыландырушы және Өскемен қаласының әкімі жабдықтарды қабылдаушы ретінде мәміле жасалған болатын.

Бүгінгі таңда "Жасыл даму" АҚ "ӨКМ Операторы" кезінде қолға алынған міндеттемелер кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.

Айта кету керек тұрмыстық қалдықты бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу жобасының жол Картасы аясында Өскемен қаласына 1 274 бірлік еуро контейнер, қалдық шығаруға арналған арнайы 6 техника сатып әперілген болатын.

sputnik.kz