фото: sputnik.kz
Қазақстанда өрт қауіпсіздігі акциясы басталды. Науқан 15 қазанға дейін жалғасады, деп хабарлайды ТЖ министрлігінің баспасөз қызметі.
ТЖМ бөлімшелері қазақстандықтарға пештерді орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру бойынша жыл сайынғы республикалық өрт қауіпсіздігі акциясын өткізеді. Акция екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезеңде, яғни 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін өрт сөндірушілер әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау органдарының өкілдерімен бірлесіп, оның ішінде қажетті көмек көлемін анықтау үшін жетім балалардың, көпбалалы отбасылардан шыққан балалардың, халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне барады.
Өрт қауіпсіздігі акциясының екінші кезеңі 15 қыркүйекте басталып, 15 қазанда аяқталады. Осы кезеңде автономды жылыту жүйелерімен байланысты, төтенше жағдайларға неғұрлым бейім тұрғын үйлер профилактикалық жұмыстармен қамтылады. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерін аралау жалғасады.
ТЖМ азаматтардан осы акцияны өткізуге түсіністікпен қарауды және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через