Абай облысындағы орман өртіне байланысты Жетісу облысының бірқатар ауданын түтін басты.
Абай облысындағы орман өртіне байланысты Жетісу облысының Алакөл, Ақсу, Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласын түтін басқан. Денсаулық сақтау министрлігі орман өртінен ауаны қатты түтін басқан кезде не істеу керек екенін түсіндірді.
Министрліктің жазуынша, ауаны орман өрттерінен пайда болған түтін басқан кезде адамдардың жанғыш өнімдерден улануы, жүрек-қан тамырлары, өкпе және басқа да созылмалы ауруларының өршуі, аурулардың жіті ұстамалары болуы мүмкін. Сол себепті зиянды химиялық заттардың ағзаға түсуін шектейтін профилактикалық іс-шараларға ерекше назар аудару керек.
Орман өртінің түтіні кімге қауіпті?
- Өкпенің обструктивті созылмалы ауруы, демікпе немесе жүрек ауруы сияқты арулары бар адамдардың орман өртінің түтініне ұшырау қаупі жоғары;
- Егде жастағы адамдар түтіннің әсеріне көбірек ұшырайды. Бұл олардың жүрек және өкпе ауруларының жоғары қаупімен байланысты болуы мүмкін;
- Жиі жағдайда түтіннің балалар денсаулығына қауіпі жоғары. Балалардың тыныс алу жолдары әлі де даму сатысында және олар ересектерге қарағанда дене салмағына қарай көбірек ауа жұтады. Сонымен қатар, балалар жиі ашық ауада көбірек уақыт өткізеді;
- Сыртта жұмыс істейтін немесе спортпен өте белсенді шұғылданатын адамдардың да денсаулығына барынша жоғары жағымсыз әсер ету қаупі бар.
Түтін тараған өңірлердің тұрғындарына ұсыныс:
- Түтінді далада серуендеуден аулақ болыңыз, өйткені бұл жүрек-қан тамырлары мен тыныс алу жүйесінің жедел және созылмалы ауруларының дамуына түрткі болады;
- Жүкті әйелдер мен балаларға түтінді көшеге мүлдем шықпау ұсынылады;
- Денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен алып жүруі тиіс;
- Егер сыртта түтін болса, дене шынықтырумен айналысу үшін сыртқа шықпаған дұрыс. Терезелері жабық үй-жайларда болыңыз;
- Үй-жайлардағы ауаны мүмкіндігінше таза ұстаңыз. Терезелер мен есіктерді жабық ұстаңыз. Кондиционерді қосыңыз, түтіннің үйге кіруіне жол бермеу үшін сүзгіні таза ұстаңыз;
- Терезелерге, желдеткіштерге ылғалданған шүберек іліп қойыңыз және оны мезгіл-мезгіл ауыстырыңыз. Ауаны ылғалдандыру үшін үй-жайларға суы бар ыдыстар қойыңыз;
- Машинада кондиционерді қолданыңыз және терезелерді жабық ұстаңыз. Есіңізде болсын, көлік құралдары ешқашан гараж сияқты жабық кеңістікте жұмыс істемеуі керек;
- Үй-жайдағы ауаның ластануын арттыратын әрекеттерден аулақ болыңыз. Жанып тұрған шамдар, каминдер және газ плиталары ауаны ластауы мүмкін. Шаңсорғыш үйіңіздің ішіндегі қоқыстарды көтереді, бұл үй ішінің ластануына ықпал етеді;
- Ересектер тәулігіне 2-3 литрге дейін су немесе сілтілі минералды су, итмұрынның, көкжидектің қантсыз қайнатпалары, көк шай ішуі керек. Ал жас балаларға кәдімгі қайнаған су беру керек. Сәбилерді жиі емізіп, қосымша тамақтану режимін орнату керек.
Жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті, созылмалы өкпе аурулары және аллергиялық патологиялармен ауыратын адамдарға ұсыныс:
- қан қысымын күніне кемінде 2 рет өлшеңіз;
- тұрақты артериялық гипертензия босла, дәрігерге қаралыңыз;
- емдеуші дәрігер ұсынған дәрі-дәрмектерді өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Егер созылмалы ауру болса, дәрігер ұсынған тағайындауларды қатаң түрде орындаңыз.
Есіңізде болсын, темекі шегу ауаны одан әрі ластайды.
Бастың ауруы, көмірқышқыл газымен уланудың алғашқы белгілері пайда болған кеде дереу медициналық көмекке жүгіну керек.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через