фото: studylab.ru
Әлемдік университеттер арасында тарихы тереңде, көптеген белді тұлғалар бітірген университет қатарына Оксфорд университетін жатқыза аламыз. Оксфорд жайлы не білесіз?! Күні бүгінге дейін сапасын түсірмеген бұл университет жайлы біле жүріңіз, ендеше?!
- Университет ең алғашқы ашылған жылын нақты білмейді. Дегенмен, 1096 жылы бітірген түлектер жайлы мұрағатта кезеседі. Демек, университет мыңжылдықты бастан өткізді.
- Оксфорд тарихында ақысыз оқу болмаған. Бүгінгі күннің өзінде сырттан барған студенттердің оқу ақысын мемлекет төлейді немесе келісімшарт бойынша қарыз есебінде өтейді.
- Оксфордқа түсу үшін мемлекеттік емтихан барлаушыларының алдынан өтесіз. Одан бөлек, жазбаша тест тапсырасыз. Университет басшылығымен пікір алмасасыз. Ағылшын тілін ағылшындардан кем білмеуіңіз керек. Орташа көрсеткіш бойынша IELTS - 7.0, TOEFL - 110 болуы шарт.
- Оксфорд университетін бітірген түлектерді білесіз бе?! Атақтылардың қатарында : Маргарет Тэтчер, Оскар Уайлд, Билл Клинтон, Индира Ганди, Джон Локк сынды ірі тұлғалар бар.
- Университтеттің орташа ақысы – 9,250 фунт стерлингті құрайды. Медицина мамандығы бүгінгі таңда 3 есеге қымбат.
- Оқуға қабылдау қазан-қараша айларында жүзеге асады. Сіз білуге тиіс тағы бір дүние – Оксфордқа тапсыру сәтінде Кембриджге қатар тапсыра алмайсыз. Екі университет ережесінде де дәл осылай.
- Оксфордтың бүгінгі таңда өзіне тиесілі 39 колледжі бар. Коллежді үздік аяқтаған студент университетке жазбаша емтихансыз түсуіне мүмкіндігі бар. Өзге колледжден келушілерге талап қиын.
- Король ұрпақтары, лауазымды тұлға иелерінің балаларына арнайы дәрістер оқытылады. Жабық лекциялар аталмыш студенттерге ғана өткізіледі.
- 1920 жылға дейін университет әйелдерді қабылдамаған. 1920 жылдан бастап қыздар қауымына да жол ашылып, мүмкіндік туды.
- Жаз мезгілінде арнайы тіл үйрету мақсатында 100-ден астам курстар іске қосылады. Бұл жердегі дәрістерді магистранттар жүзеге асырып отырады.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через