Нью-Йоркте енді адамды салмағы мен бойына қарай кемсітуге болмайды.
Қалалық кеңес тиісті заң қабылдады. Құжат жұмысқа қабылдауда, баспана іздеген кезде және қоғамдық орындарда кемсітуге тыйым салады.
Осыған ұқсас ереже АҚШ-тың бір штаты мен тағы 6 қаласында да қабылданған. Тиісті мәселеге ерекше мән берілуі бекер емес. Өйткені жақында жүргізілген зерттеулерге сәйкес семіздікке шалдыққан әйелдер өзгелерден гөрі аз жалақы алады екен.
Kursiv