Норвегияның Дигерварден тауындағы Райнхесен ұлттық паркінде археологтар 1300 жыл бұрын жасалған шаңғыны тапты, деп хабарлайды Daily Mail Ice program Secrets-ке сілтеме жасап. Шаңғының біреуі 2014 жылы табылған. Екіншісі араға жеті жыл салып анықталып отыр – себебі ол мұздың астында қалып қойған. Осылайша бұл ғалымдар тапқан ең көне жұп шаңғы болды. Жаңадан табылған шаңғының ұзындығы – 187 сантиметр, ені – 17 сантиметр. Біріншісінің (2014 жылы табылған) өлшемдері басқа: оның ұзындығы – 17 сантиметрге, ал ені 2 сантиметрге қысқа. Ғалымдардың пікірінше, өлшемдердың әртүрлі болуына құрылғылардың қолмен жасалуы себеп.
Мәтіндегі ақпарат туралы
Норвегияда 1300 жыл бұрын жасалған шаңғы табылды
Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Сондай-ақ оқыңыз
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға
тіркеліңіз
немесе
кіріңіз