Үздік әлемдік тәжірибе

Бөлісу

Нобель сыйлығының иегерлері елордаға келе жатыр

Нобель сыйлығының иегерлері елордаға келе жатыр

26-28 қазан аралығында Астанада V Нобель фестивалі өтеді.

Нобель фестивалі - ең ірі халықаралық коммерциялық емес технологиялық және ғылым-білім байқауы. Оған жыл сайын 14-тен астам Нобель сыйлығының лауреаты, 14 «Серпіліс» сыйлығының иегері, әлемдік инноваторлар, 155 елден 500 университет және 500 мыңнан астам адам қатысады.

26 қазан күні фестиваль аясында «Астана-Ташкент» телекөпірі өтеді. Телекөпір барысында білім деңгейі жоғары және төмен елдердегі әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтар, сондай-ақ дамушы елдердегі білім сапасын жақсарту мәселелерін талқылау жоспарлануда.

Бесінші Nobel Fest бір мезгілде қазақ, ағылшын, түрік, қытай, араб, өзбек және орыс тілдерінде 6 студияда - Әзірбайжан, Германия, Түркия, Пәкістан, Қытай, Өзбекстан және Қазақстанда өтеді.

Nobel Fest аясында 31 қазан мен 4 қараша аралығында Нобель дәрістер апталығы өтеді.

Әлемнің түкпір-түкпірінен келген Нобель сыйлығының лауреаттары және әлемдегі ең беделді марапаттардың иегерлері университеттер мен студенттер үшін дәріс оқиды. Дәрістер Nobel Fest бас серіктестері – М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті үшін арнайы ұйымдастырылады.

 Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: novyefoto.ru 

 

 

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через