Мемлекет

Несиені төлей алмай жатсаңыз не істеуге болады?

  Несиені  төлей   алмай    жатсаңыз  не   істеуге  болады?

Несиені  төлей   алмай    жатсаңыз  не   істеуге  болады?

Өмірде түрлі  жағдайлар орын алады. Егер кенеттен қаржылық жағдай несие бойынша төлемді уақтылы төлеуге мүмкіндік бермесе, бастысы-құқықтық салада әрекет ету керек .

Бастапқы жасайтын әрекеттеріңіз.

Біріншіден, сіз шарттық қарым-қатынас орнатқан несие ұйымына ресми өтініш жазу керек. Мұны кешіктірілген күннен бастап 30 күннен кешіктірмей, тіпті одан да ерте жасау керек. Өтініште міндеттемелердің орындалмау себебін көрсету және шарт талаптарын өзгерту бойынша өз ұсыныстарын ұсыну қажет.

Мүмкін болатын жайт:

сыйақы мөлшерлемесін азайту;

қарыз валютасын өзгерту;

негізгі борыш, сыйақы бойынша төлемді кейінге қалдыру;

берешекті өтеу әдісін немесе берешекті өтеу кезектілігін өзгерту;

шарттың қолданылу мерзімін өзгерту;

мерзімі өткен негізгі борышты, сыйақыны кешіру, тұрақсыздық айыбын жою.

Кіріс нөмірі бар өтінішіңіздің көшірмесін міндетті түрде алыңыз. Осыдан кейін қаржы ұйымы сіздің ұсыныстарыңызды 15 күн ішінде қарап, жазбаша түрде жауап береді. Несие беруші сіздің ұсыныстарыңызбен келісе алады, балама нұсқаларды қарастырады немесе бас тартады.

Айта кетейік, 2021 жылдың мамыр айынан бастап заңнамаға өзгерістер енгізілді, оның аясында банктер немесе МҚҰ қайта құрылымдауды жүргізу кезінде қарыз алушының әлеуметтік жағдайы, оның кірістерінің төмендеуі, кепілдік тұрғын үйдің бірегейлігі, қарыз бойынша міндеттемелерді адал орындау сияқты факторларды ескеруге міндетті.

Қарызды қайта құрылымдау шарттары бойынша кредитормен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда ипотекалық қарыз алушыларды қорғау шарасы ретінде қарыз алушыға ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіну құқығы беріледі. Осы кезеңде кредитор халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын борышкерлердің кепілге салынған мүлкін өндіріп алу рәсімін бастауға құқылы емес.

 

Неліктен ресми өтініш беру керек?

Жағдайдан шығудың оң жолы тек қарыз алушының ғана емес, несие берушінің де мүддесі үшін. Сондықтан реттеу бойынша шаралар неғұрлым ерте қабылданса, соғұрлым екі тарапқа да қолайлы нұсқа табылады. Қаржы ұйымына дер кезінде жүгіну қарыз алушының оң кредиттік тарихын сақтап қана қоймай, кредитордың іс-әрекеттеріне сотта одан әрі дау айтылған жағдайда да борышкердің бұл іс-әрекеттері оның пайдасына есептелуі мүмкін.

Әрбір осындай жағдайды кредитор жеке тәртіппен қарайды. Қарыз алушыдан оның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігін сипаттайтын қосымша құжаттарды дайындауды сұрауы мүмкін. Бұл еңбек шарты, жұмыссыз мәртебесін растайтын құжаттар және басқалар. Осылайша, нақты жағдай туралы шешім қабылдау оңайырақ болады.

Ол үзілді-кесілді болмайды?

Несие берушіден жасырмаңыз. Мерзімі өткен күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей қаржы ұйымы борышкерге кредитті өтеу үшін төлемдер енгізу қажеттігі туралы хабарлайды. Хабарламада: мерзімі өткен берешектің мөлшері және қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалмау салдары туралы ескерту көрсетіледі.

Егер қарыз алушы қаржы ұйымымен байланыс жасамаса, онда ол Шартта көрсетілген барлық санкцияларды қолдануға құқылы: өсімпұлдарды, айыппұлдарды есептеу немесе сотқа дейін өндіріп алу процесін бастау. Бұдан басқа, берешекті өндіріп алуға коллекторлық агенттік тартылуы мүмкін.

Коллекторлық агенттіктің қызметі жеке тұлғалардың қарыздары бойынша берешекті сотқа дейін өндіріп алуға және реттеуге бағытталған, Сондықтан, егер қарыз коллекторлық агенттікке берілсе, онда қарызды өтеу не оның талаптарын өзгерту мәселелері бойынша борышкер тікелей оған, сондай-ақ қаржы ұйымына жүгінуге құқылы.

Несиені төлемеу қаупі қандай?

Біріншіден, несие беруші міндеттемелердің орындалмағаны туралы ақпаратты несиелік бюроларға жіберуге міндетті болады. Бұл ақпарат Сіздің несие тарихыңызда көрсетіледі.

Екіншіден, егер несие кепілдік болса, онда борышкердің кепілдік мүлкі сот арқылы немесе сотқа дейінгі тәртіппен сатылуы мүмкін.

Сондай-ақ, кредитор төлем талабын қоя алады (егер бұл шара шартта айтылған жағдайда) және борышкердің қосымша келісімінсіз белгілі бір сома банктік шоттан есептен шығарылады. Мысалы, бұл жалақы болуы мүмкін. Бірақ бұл ретте жеке тұлғаның ағымдағы шотында сақталатын ақша сомасы заңнамалық тәртіппен белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен кем болмауға тиіс.

Үшіншіден, борышкер елден кете алмайды. Ол сот орындаушысының қаулысы бойынша шетелге шығуы шектелген азаматтардың тізіміне енуі мүмкін. Борышкердің Қазақстаннан шығуына уақытша шектеу туралы бұл қаулыны сот санкциялауға тиіс.

Сот санкциялағаннан кейін борышкер қаулының көшірмесін алады. Сондай-ақ, оны Шекара қызметі алады, ол борышкерді базада қарызды өтеу расталғанға дейін шетелге шығармайды.

Сондықтан, істі сотқа жеткізбеу үшін қарыздарыңызды әрдайым уақытында жауып, айыппұлдар, баждар, алимент төлеу және коммуналдық төлемдерді уақытында  төлеген дұрыс.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Пікір қалдыру