Несие тарихын қалай түзетуге болады?

Несие тарихын қалай түзетуге болады?

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылғы 22 наурыздағы № 19 қаулысына сәйкес кредиттік бюро қарыз алушы мынадай талаптарды сақтаған кезде, бұрын 90 күннен астам мерзімінің өтуіне жол берілген кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесін береді.

1) кредит бойынша берешек өтелгеннен кейін жылдың аяқталуы бойынша.

2) қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күнгі жағдай бойынша бар кредит бойынша берешектің сомасы 50%-дан астам өтелген және қарыз алушы қайта құрылымдаудан немесе қайта қаржыландырудан кейін жыл ішінде күнтізбелік 30 күннен астам мерзімінің өтуіне жол бермеген.

3) күнтізбелік 90 күннен астам мерзімі өткен берешек өтелгеннен кейін соңғы күнтізбелік қаттарына 12 ай ішінде күнтізбелік 30 күннен астам мерзімі өтуінің болмауы.

Бұрын төлем мерзімін 90 күннен астам өткізіп алуға жол берілген кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесі өтелген мерзімі өткен берешекті білдіреді.  Бұл ретте, банк қарыз алушының кредит қабілеттілігін өзінің кредит саясатының негізінде айқындау құқылы болады.

  1. Кредиттік тарих субъектісі өзі туралы кредиттік есепті кредиттік бюроға ол жөнінде ақпарат келіп түскен кезден бастап алуға құқылы.
  2. Жиынтық мәліметтердің негізінде қарыз алушының скорингтік бағасы қалыптасады, ол мәртебесі «жақсы» қарыз алушы немесе «жаман» деп бағаланады.
  3. Бұл сіздің негізгі қарыз көрсеткіштеріңізді бағалауға және қажет болған жағдайда оларды түзетуге мүмкіндік береді....

fingramota.kz