фото: stopfake.kz
Тағам дайындау үшін мұздатылған етті жылдам жібіту – қыз-келіншектердің күнделікті басты мәселесі.
Микротолқынды пештің сипаттамаларына сәйкес, өнімді 10-20 минут ішінде тіпті еріген күйге дейін қыздырса болады. Дегенмен, мұндай жылдамдық өнімнің қасиеттеріне зиянды әсер етеді.
Жоғары температура жұқпалы бактериялардың, әсіресе ішек таяқшаларының өсу жылдамдығын екі есе арттырады.
Мамандардың айтуынша, дәл осылай дайындалған тағамдарды тұтыну тамақтан уланудың тікелей қаупі болып табылады. Сондай-ақ пеште ерігеннен соң еттің бойынан буланған ылғалдың жоғалуына байланысты өте қатты күйде қалады.
Етті бөлме температурасына шығарып, еріту де дұрыс емес. Жібіту кезінде үй-жайдағы бактериялар мен микроорганизмдер тағамға «жабысып», шаңның немесе талшықтардың қатты бөлшектері тұнып қалады.
Етті жібітудің ең жақсы жолы - оны тоңазытқышқа салып, бірнеше сағатқа немесе түнге қалдыру. Бірақ жібіген өнімді қайта мұздатпау керек, себебі ол өзінің дәмі мен тағамдық құндылығын жоғалтады.
Jas alash
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через