«Мың бала» олимпиадасының екінші кезеңі басталды

«Мың бала» олимпиадасының екінші кезеңі басталды

Ауыл балаларына арналған «Мың бала» олимпиадасының екінші кезеңі басталды.

Алғашқы іріктеуден сүрінбей өткен бес мың оқушы елордада бас қосты.

Жолдама алғандар математика, қазақ, орыс және ағылшын тілдері мен жаратылыстанудан тест тапсырды. Жеңімпаздардың есіме мамыр айында жарияланады. Топ ішінен суырылып шыққан оқушылар жаңа оқу жылынан бастап өзіне жақын қаладағы жетекші мектептерде тегін оқуға мүмкіндігі бар.

 «Мың бала» жобасы осымен үшінші рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Бұл жолы Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік  Қазақстан облыстарының оқушылары белсенді.

Айжан Аршабаева, «Мың бала» олимпиадасының үйлестірушісі:

Ауыл жеткіншектері қалада тұратын қатарластарына қарағанда олимпиадаға жиі қатыса алмайды, мүмкіндіктері аз. Сол үшін «Мың бала» олимпиадасына қатысып, дарынды балаларға арналған мектептерге түсе алады. Бұл олимпиада жасөспірімдердің озық білім алуына, жақсы маман атануына жол ашады.  

 

Фотосурет gurk.kz сайтынан алынды