Мүлік салығын төлемегендерге қандай шара қолданылады

Мүлік салығын төлемегендерге қандай шара қолданылады
фото: mgazeta.com/api.rbsmi.ru

       Бүгін – Қазақстан бойынша жылжымайтын мүлік салығын төлеудің соңғы күні. Ертеңнен бастап оны уақытында төлемегендерге өсімпұл есептеле бастайды. Бұдан басқа салықтан жалтарғандарға қандай жаза қарастырылған? Қай кезде көлікті тәркілеп алуы мүмкін? .

     – Жылжымайтын мүлік салығын уақытында төлемесе, айыппұл салына ма?

     – Қазақстанда жеке тұлғалардың мүлік және жер салығын төлеу мерізімі бірінші қазанда аяқталады. Бірақ, биыл бірінші қазан демалыс күніне сәйкес келгендіктен, екінші қазанда салықты төлеудің соңғы күні болып есептеледі. Егер азаматтар салығын бүгін төлеп қоймаса, онда оларға әрбір кешіктіріп төлеген күн сайын өсімпұл есептеледі. Бұл ретте ешқандай айыппұл қарастырылмаған.

     – Ал көлік үшін салықты қай уақытқа дейін төлеу керек еді?

     – Көлік салығын төлеу мерзімі өтіп кетті. 2023 жылдың 1 сәуірінде азаматтар 2022 жылдың салығын төлеген болатын.

     – Салықты төлемегендерге өсімпұлдан бөлек, тағы қандай жаза қолданылады?

     – Әрине, өсімпұлдан бөлек мемлекеттік кірістер органдары мәжбүрлеп өндіру іс-шараларын да іске қосады. Яғни, ертеңнен бастап, әрбір төлемеген азаматқа арнайы хабарлама жіберіледі. Осы хабарлама 30 жұмыс күні ішінде орындалмаса, азаматтарға қатысты бұйрық шығарылады, сот орындаушыларға жіберіледі. Яғни, ол қарыздың көлемі 1 АЕК асуы керек. Ал сот орындаушылар тиісті шара жүргізеді. Оның ішіне 40 АЕК қарызы көп болса, онда оларға шетелге шыға алмайды.

     – Бұдан басқа. салықты қандай жолмен өндіріп аласыздар?

     – Мемлекеттік кірістер органдарының бірқатары мәжбүрлеп өндіру шаралары негізінде полиция басқармаларымен бірігіп рейд ұйымдастырып отыр. Азаматтардың көлігі уақытша сақтау тұрақтарына қойылды. Олар салығын төлеп жатыр.

     – Бүгінде елімізде қанша адам салық төлемеген?

     – Бүгінгі таңда өткен жылдан бері салық төлемеген 500 мыңға жуық азамат бар. Олардың қарызы жеке мүлік, көлік жер салығы бойынша 18 миллиард теңгеден асады.

     Almaty.kz