Мұғалім кәсіпкер бола ала ма?

Мұғалім кәсіпкер бола ала ма?

       Электронды үкімет сайтындағы осындай сауалға Оқу-ағарту министрлігі жауап берді.

       Оқу-ағарту министрлігі ҚР Конституциясына сай, әркімнің кәсіпкерлік қызмет бостандығына, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар деп жауап берді.

       Сонымен қатар ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 30-бабына сәйкес жеке кәсіпкерлік – бұл ҚР азаматтарының жеке тұлғалардың өз мүлкіне негізделген және таза табыс алуға бағытталған дербес, бастамашылық қызметі.

"Жоғарыда айтылғандардың негізінде жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің жеке кәсіпкерлікпен айналысуға құқығы бар деп есептейміз", - деп қорытындылады Оқу-ағарту министрлігі.

       Бұл ретте министрлік "Педагог мәртебесі туралы" заңның 15-бабына сай мұғалім педагогика әдебін сақтауға міндетті екенін айтты.

       Бұл ретте педагогтың кәсіптік қызметіне мынадай тұлғалар жіберілмейді:

  • заңды күшіне енген сот үкіміне сәйкес педагогтың кәсіби қызметін жүзеге асыру құқығынан айырылған;
  • ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
  • медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сонымен қатар психикалық, мінез-құлық бұзылысы (аурулары), оның ішінде психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрған психоактивті заттарды қолданумен байланысты;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ;
  • ҚР Еңбек кодексінде көзделген өзге де шектеулер негізінде.

       Zakon.kz