Монша мен саунаның айырмасы не әрі оның қайсына барған пайдалырақ?

Монша мен саунаның айырмасы не әрі оның қайсына барған пайдалырақ?

Бір қарасақ, монша мен сауна бір сияқты. Моншаны сауна деп, саунаны монша деп араластырып айта береміз өмірде. Бірақ екеуінің айырмасы бар. Әрі сол айырмашылығына қарап жуынып, көбірек пайдасын алуға болады. 

Одан бөлек, моншаға қалай, ал саунада қалай жуыну керегін де ескере бермейміз.

Ендеше осы сауалдарға жауап іздеп көрейік.

Монша мен сауна           

Моншада ылғал көп болады. Ал сауна керісінше құрғақ. Монша ылғалды болғандықтан, пар өте ыстық болмайды. Шамамен, 110-115 градус маңайында болғаны жақсы. Ал ылғалы 100 пайыздай аспайды. Моншада 10-15 минуттан артық отыруға болмайды. Одан артық отырсаңыз, тері күйіп қалуы, ағзада сұйықтық азайып кетуі мүмкін.

Сауна құрғақ болады дедік. Пеші отынмен, газбен, кейде тоқ пешпен жанады. Саунаның ішінде ауа температурасы 180-200 градусқа дейін ыстық болады. Ыстық саунада 20 минуттан артық отырмаған абзал.

Қазір ультрақызыл түсті саунаға баратындар көбейді. Мұндай саунаның отыны – ультрақызық түс сәуле. Сол арқылы ысиды. Сәуле тері мен бұлшықетті жарып өтіп, ағза жасушасына әсер етеді. Содан тері көп бөлінеді. Мұндай саунада 45 минутқа дейін отыра беруге болады. Ауа температурасы 135-150 градусқа жетеді.

Моншаның пайдасы

Моншаның ыстығы адамның тыныс алу жолдарын ашады. Өкпе жұмысын жақсартады. Эвкалипт не балқарағай, самырсын майымен парласа, тіпті пайдалы. Өкпе мен мен мұрынды ашып, инфекцияларды жояды.

Монша адам ағзасын демалтады. Ыстық бұлшықетті босаңсытып, жүйке жүйесін тынықтырады.

Моншаның ең үлкен пайдасы – қан айналымын жақсартатыны. Гарвард медицина мектебінің мамандары моншаның пайдасына арнайы зерттеу жүргізіп, оның қан айналымына өте пайдалы екенін анықтаған. Ыстық пар мен ылғал пар қанды циркуляцияға келтіріп, адам денесін демалтырады. Иммун жүйесін жақсартады. Қан айналымы күшті болғандықтан, бұрын қан жетпей жүрген жасушаларға барып, қоректік заттармен толықтырады. Тіпті, қан ысып қатты айналған кезде қандағы инфекциялар өліп, шайылып кететін көрінеді.

Саунаның пайдасы

Саунаның пайдасы да моншанікіндей. Қан айналымын жақсартады, адам ағзасын күйзелістен арылтады. Босаң күй сыйлайды, демалтырады.

Саунаның тағы бір пайдасы – арқа мен бел ауырғанда, буын қақсағанда, артрит пен ревматизм болғанда емдеуге көмектеседі.

Тағы бір пайдасы – терідегі токсиндерді тазартатыны. Ыстық құрғақ ауа терінің жасушасын тазартып, бөртпе мен қышыма, басқа да тері ауруларының алдын алады.

Монша пен саунадан барынша көбірек пайда алу үшін не істеу керек?

Ол үшін мына 4 амалды жасаңыз.

1. Барарда көбірек су ішіп барыңыз.

2. Кірерді үсті-барысыңызды щеткамен жақсылап ысқылаңыз, сонда теріге, тері бездеріне массаж болады.

3. Шыққанда міндетті түрде душқа түсіңіз;

4. Ультракүлгін саунаға барарда душқа түсіп алыңыз бірінші, сонда ыстық терапея жақсырақ әсер береді.

Ақпарат дереккөзі