фото: gov.kz
Азаматтардың мобильді аударымдары жаппай тексерілмейді. Қаржы-вице министрі Ержан Біржанов банк қосымшалары арқылы аударым жасауға қатысты көп азаматта туындап отырған сұрақтарға жауап берді.
Туысқандар арасындағы аударымдар тексерілмейді және оған ешбір шектеу қойылмайды. Тек 3 ай бойы 100-ден астам түрлі адамнан ақша аударылған жағдай назарға алынады. Қолданыстағы заңнамаға сай, бұнда кәсіпкерліктің белгілері бар. Ал кәсіппен айналысатындар аударымды жеке кәсіпкер ретіндегі шоты, кюар код немесе кассалық аппарат арқылы қабылдауға тиіс. Оларға 1-ден 4% ға дейінгі салық қолданылады.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі: - Үш тарап бар: мемлекет, тұтынушы, сатушы. Қазір көтеріліп отырған шу нарықта қызмет көрсетуші тұлғалар жайында болып отыр. Оларға қатысты нақты талабымыз бар: кәсіпкер ретінде тіркелуі керек. Біздің мақсатымыз барлығының құқықтық алаңда теңдей қызмет етуі. Егер екі салық төлеуші бірдей шарт арқылы жұмыс жасаса, бір ережеге бағынуы қажет. Барлықтарыңыз тұтынушысыздар. Мысалы бір үйде екі дүкен бар делік. бағалары бірдей, бірақ біреуі ақша аударымын, екіншісі кюар арқылы төлеуді сұрайды. Біреуі қолма қол ақша сұраса, екіншісі кассалық аппарат қолданады. Сіздер азамат ретінде кюар қолданатын дүкенді таңдайтын шығарсыздар, себебі онда түбіртек болады.
Ал онлайн-платформа арқылы жұмыс істейтін такси жүргізушілері үшін салықты жұмыс беруші төлейді. Сондай-ақ, таксистер жеке кәсіпкер ретінде тіркелу арқылы қызмет көрсете алады.
«Мақсат - кәсіпкерлер үшін салық төлеудің ыңғайлы амалын енгізіп, ашықтықты қамтамасыз ету»,- деп түйіндеді Қаржы вице-министрі.
Дереккөз 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через