Миллиондаған адам аштықта өмір сүріп жатыр
БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасында бүкіл әлем бойынша ондаған миллион адам аштықта өмір сүріп жатқандығы айтылуда.
Бағдарлама жетекшісі Дэвид Бисли төрткүл дүние халқының көп бөлігі дәл қазір аштықтан зардап шегіп жатқанын айтты. Олардың қатарында Эфиопия, Мадагаскар, Оңтүстік Судан және Йемен бар. Онда 584 мың адам тамақтанбайды. БҰҰ өкілі азық-түлікке қол жетімділігі қиын елдердің саны артады деп болжады. Бислидің айтуынша, 43 елдегі 41 миллион адамға аштық қаупі төніп тұр.
Бисли мұқтаж өңірлерде дереу көмек қажет екенін атап өтті. "Сомалиде 2011 жылы аштықтан 260 мың адам қайтыс болды. Аштық жарияланған кезде, бұл адамдардың жартысы қайтыс болды", - деді ол. 16 маусымда Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын елдегі ашаршылық қаупі туралы хабарлады. Ол былтырғы тайфун астық өсіру жоспарын орындауға кедергі келтіргенін айтты. Сондықтан елде халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуде шиеленіскен жағдай қалыптасып отыр деді мемлекет басшысы.
Наурызда БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш әлем бойынша көптеген адамдарға аштық қаупі төніп тұрғанын айтты. "Егер сіз адамдарды тамақтандырмасаңыз, онда әлем елдері арасында жанжал туары анық. Соғыс өрті тұтанып кетуі мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через