Мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктер аталды

Мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктер аталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) төрайымы Мәдина Әбілқасымова мемлекеттен көмек алған қазақстандық банктердің тізімін атады. 

"Қазіргі уақытта қаржылық тұрақтылық бағдарламасына қатысқан алты банк бар. Бұл бағдарламаны Ұлттық банк 2017 жылы мақұлдады. Сол кезде олардың өте үлкен шығындары, банктердің балансындағы қиын жағдайдағы активтердің үлкен деңгейі анықталды", - деді Мәдина Әбілқасымова Парламент кулуарында.

Ол осы проблемалық несиелер бойынша провизия құру және осы банктерді капиталсыздандыру мақсатында қаржылық тұрақтылық бағдарламасы қабылданғанын түсіндірді. Ұлттық банк реттелген облигацияларды орналастырған. Үштен бірін акционерлер қайта капиталдандыруы керек еді.

"Бұл облигациялар қазір осы банктердің балансында сақталған: "Евразийский банк", "Банк Центркредит", "Нұрбанк", "Банк РБК", "АТФ Банк" және "Цесна Банк", олар Jusan банкпен біріктірілген. Сонымен қатар, "Казкоммерцбанкті" сатып алу бойынша жасалған мәміле нәтижесінде мемлекеттік қолдау қаражаты Halyk Bank балансында", - деп түсіндірді Әбілқасымова.

Tengrinews.kz