Мектепте «Шет тілі» пәні алынып тасталды - министр бұйрығы

Жаңа оқу жылынан бастап кейбір сынып оқушылары үшін мектеп бағдарламасы өзгеруі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрінің бұйрығында жазылған.
«2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 2-сыныпта «Көркем еңбек» пәнінің орнына «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері енгізілді. «Шет тілі» пәні алынып тасталды», - деп жазылған бұйрық жобасында.
Сонымен қатар, оқу жүктеменің аз болуына байланысты 10-11 сыныптардың оқушылары үшін «Шет тілі» пәні бойынша тағы 1 сағат қосылады.
«Төмендетілген оқу жүктемесімен 10-11 сыныптардағы үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компонентіндегі 1 сағат «Шет тілі» пәніне берілді. Нәтижесінде 11 жылдық оқыту шеңберінде оқу бағдарламаларын жетілдіру жөніндегі жүйелі жұмыс қазақстандық білім беру жүйесін білім берудің халықаралық стандарттық сыныптамасы деңгейіне шығаруға және мектеп түлектеріне еуропалық біліктілік шеңберінің қажетті деңгейлерін меңгеруге мүмкіндік береді», - делінген құжатта.
Бұйырық жобасы 24 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото tolqyn.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через