Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мектепте ақша жинау фактілері туралы хабарлауды сұрады.
«Оқу жылының аяқталуына байланысты, білім беру мекемелерінде түлектер кешін ұйымдастыру жоспарланады. Сондай-ақ мұғалімдерге сыйлықтар алу үшін ақша жинау қаупі бар. Мұндай әрекетке заңмен қатаң тыйым салынған.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» Заға сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапқа тартылатынын ескертеміз«, - делінген ведомство хабарламасында.
Ата-аналардан немесе қызметкерлерден ақша жинау фактілері немесе басқа да сыбайлас жемқорлық көріністері туралы 1424 Call-орталығына хабарлауға болады.
«Азаматтардың барлық өтініштері міндетті түрде қаралады. Барлық қажетті шаралар қабылданатын болады», - делінген ведомство мәліметінде.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото m.yk-news.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через