Қазір ғимараттың шатырына 36 мыңға жуық күн панелін орнату жұмыстары жүріп жатыр.
Олар базардың қоймаларын, кеңселері мен көлік тұрағын электр энергиясымен қамтамасыз етеді. Экологиялық жобаға жергілікті үкімет пен мемлекеттік энергетикалық компания қолдау көрсеткен. Енді базар шатырындағы станция алдағы айларда іске қосылуы тиіс.
Альберто Вальдес, Мексика Экономика министрлігінің өкілі:
- Бұл Латын америкасындағы ең ірі күн электр станциясы болады. Негізі одан да үлкен құрылымдар бар. Алайда барлығы шалғайда орналасқан. Ал бұл нысан қала ішінде жұмыс істейді. Күн электр станциясының көмегімен ауаға бөлінетін көмірқышқыл газының мөлшерін жылына 12 мың тоннаға дейін азайтуға болады. Ол жыл сайын 27 млн киловатт/сағат электр энергиясын өндіреді.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через