Мария Агапова UFC-дегі жеңісінен кейін жекпе-жектерден шеттетілді
Фото: instagram/ufc
UFC промоушенінде өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-2) колумбиялық Сабина Мазоны (9-3) жеңгеннен кейін, жекпе-жектерден уақытша шеттелді.
Мұндай шешімді Невада штатының атлетикалық комисиясы (NSAC) қабылдады. MMA Junkie ақпаратынша, өткен кездесуде Агапованың мұрын сүйегіне зиян келген. Осы себепті комиссия Марияны жекпе-жектерден 180 күнге және 30 күн жаттығудан шеттеді.
Ал Мазо октагонға 30 күн шыға алмайды және 21 күн жаттығуына тыйым салынды.
Бағлан Бекназар
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через