Өзбекстанның Джизах қаласында қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионатына 11 елдің спортшылары жиналды.
Облыстық спорт басқармасында «Қара бура» лақап аты бар Нұрдәулет Жарылғапов ұлттық құрама сапында 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскенін айтты. Үндістандық спортшымен болған алғашқы белдесу балуанымыздың пайдасына аяқталды. Одан кейін Тәжікстан спортшыларынан басым түсті. Нұрдәулет Жарылғапов үшін жапониялық қарсыласпен өткен финалдық кездесу де сәтті аяқталды. Осылайша, «Қара бура» чемпиондық атағын жеңіп алды.
Қазақстанның қоржынында сегіз алтын, үш күміс және төрт қола медаль бар. Жарыс қорытындысы бойынша еліміз жалпыкомандалық бірінші орынды иеленді.
Айта кетейік, биыл «Қара бура» дәстүрлі «Қазақстан Барысы» турниріне қатысады.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через