Маңғыстау тұрғыны тыңайтқыштың жаңа түрін ойлап тапты

Маңғыстау тұрғыны тыңайтқыштың жаңа түрін ойлап тапты

        Маңғыстау облысында ауыл тұрғыны органикалық тыңайтқыштың жаңа түрін ойлап тапты.

       Экоөнім мал тезегі, минералдар мен көкөніс қалдықтарынан жасалған. Бастысы егістік пен жылыжайды суаруға жұмсалатын тіршілік нәрін 40 процентке дейін үнемдеуге мүмкіндік береді, дейді жоба авторы. Өйткені ылғалды жақсы сақтайды. Өңірде жаз мезгілінде тіршілік нәріне тапшылық қатты сезіледі. Осы ретте тың жоба аймақты көгалдандыруға сеп болады деген үміт бар. Тың жобаны қолға алған кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнесін кеңейтті.

       Гүлмира Құрманиязова, жоба авторы:

       -Болашақта осындай ауылшаруашылығымен айналысқысы келетін ауыл жастарын үйретіп, тәжірибеден өткізсек екен ниетіміз бар.

        Ақпарат дереккөзі