Мамандар тоңазытқышта сақтауға болмайтын азық-түліктердің тізімін атады. Салқын жерде бұл тауарлар бауырға зақым келтіретін афлатоксиндер бөледі.
Біріншіден, тоңазытқышта дәмдеуіштерді сақтауға болмайды екен. Мәселен, даршын мен қара бұрыш тоңазытқышта тұрғанда дымқылданып, афлатоксин бөледі дейді.
Сонымен қатар тропикалық жемістерді тоңазытқышқа салмаған жөн. Банан, личи сынды жемістер тоңазытқышта өз балғындығын сақтамайды және бұзылуы жылдамдай түседі. Әрі төменгі температурада бактериялар көбейіп, афлатоксин бөлінеді.
Мамандар өздігінен дайындалатын кеспелерді де тоңазытқышқа салуға кеңес бермейді.
"Өздігінен дайындалған кеспе 2-3 күн ғана сақталады. Алайда тоңазытқышқа салсам, бұзылмайды деу қателік. Негізінде мұндай кеспені тұтыну денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін", – делінген ғалымдар хабарламасында.
Бұдан бөлек тұздалған көкөністерді де тоңазытқышта сақтауға болмайды. Сонымен бірге емдік өсімдіктерді ұзақ уақыт азық-түліктермен бірге қою бактериялардың көбеюіне септігін тигізеді. Ал мұның салдарынан өсімдік өзінің емдік қасиетінен айырылады екен.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар жылдам ұйықтаудың әдісін еді. Жылдам ұйықтаудың әдісін атаған еді. Олар ұйқы сапасын арттыру үшін шұлық киюге кеңес берген.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через