фото: https://pixabay.com/ru/
«Қазселденқорғау» филиалының ақпараты бойынша, қолайсыз метеожағдайларға байланысты 19-22 қаңтар аралығында облыстың таулы аймақтарында қар көшкіні қаупі сақталады.
Осыған байланысты, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары аталған күндері таулы жерлерге барудан бас тарту қажет екенін ескертеді.
Көшкіндер әсіресе автомобиль жолдарына айтарлықтай қауіп төндіреді. Сол себепті, мұндай жерлерде тоқтамаған дұрыс, қауіпті аймақтан неғұрлым тез шығып кетуге тырысу керек. Егер де төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса, дереу 112 нөміріне қоңырау шалу қажет, – деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, қазір облыста апаттың алдын алу мақсатында тау бөктерінен қар түсіру жұмыстары қызып тұр. Қыстың басынан бері өңірде шамамен 64 мың текше метр қар түсірілген.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через