"Елордада халық санының өсуі мен мектеп құрылысының қарқынды жүруіне байланысты педагог мамандарды жұмысқа тартып жатырмыз. Мысалы биыл 780 педагог жұмысқа қабылданды. Олардың ішінде 224 жас маман бар. Бүгінде тьютер, логопед, дефектолог, сондай-ақ бастауыш сыныптарға сабақ беретін орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне сұраныс байқалады", - деді Көлгінов тамыз конференциясының онлайн мәжілісінде.
Оның айтуынша, маман тапшылығын жою үшін жергілікті бюджеттен педагогикалық мамандықтарға бөлінетін грант саны да жыл сайын артып келеді.
Бұдан бөлек, әкімдік тарапынан теология, денсаулық сақтау, дене шынықтыру мен спорт мамандықтарына да гранттар бөлініп тұрады.
Әкімнің айтуынша, 2025 жылға дейін сұранысқа ие мамандықтар бойынша студенттерді колледждерде тегін оқытып, тапшылықты жою көзделген.
"Бүгінде осы контингенттің 53 проценті мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында оқып жатыр. Ондай студенттердің саны 14 мың. Былтырғымен салыстырғанда мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 100 орынға ұлғайтылып, бес мыңға жетті", - деп атап өтті Көлгінов.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через