Елде малдың генетикалық әлеуетін арттыруды көздеген әдіс-тәсілдер айтарлықтай нәтиже бермеді. Осылай деген ауыл шаруашылығы министрі жануарларға молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын енгізуді ұсынды.
Бұл әдіс асыл тұқымды малдың шығу тегін ерте жастан анықтауға мүмкіндік береді. Әрі күтіп-бағу шығындарын азайтады. Сұрыптау қарқынын жоғарылатады. Алайда депутаттар мұндай шара қарапайым шаруалардың қалтасына салмақ түсірмей ме деп алаңдаушылық білдірді. Бірақ министр бұл қадам өнімділікті арттырып, өз жемісін беретінін айтты. Ал тауар өндірушілер болса, мұны жақсы түсінеді. Әрі елде қажетті сараптама жүргізетін университеттер мен орталықтар, жеке компаниялар жеткілікті. Тиісті қызмет құны Ербол Қарашөкеевтің есебінше, шамамен 12-15 мың теңгеге шығады. Бірақ кейіннен сұраныс артып, бәсекелестік туындаған соң баға түсуі тиіс. Тиісті жаңашылдықтарды көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через