фото: pixabay.com
Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирде бүгін, яғни 7 наурыз күні бес бірдей боксшымыз шаршы алаңға шығады. Бұл Туралы "Сапалы Қазақстан" порталы kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтсақ, бүгін ерлер арасында 63,5, 71, 92 келі салмақтағы боксшыларымыз, әйелдер арасында 54 және 60 келіде қыздарымыз рингке шығады.
Отандастарымыздың нақты қай уақытта рингке шығатыны кейінірек белгілі болады.
54 келі. 1/16 финал
Жайна Шекербекова – Қазақстан - Шукура Карим - Нигерия
60 келі. 1/4 финал
Римма Волосенко - Қазақстан - Мирослава Жединакова - Словакия
63,5 келі. 1/16 финал
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы – Қазақстан - Радослав Симеонов Росенов – Болгария (Еуропа чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі)
71 келі. 1/16 финал
Асланбек Шымбергенов – Қазақстан - Дамиан Дуркач - Польша (Токио Олимпиадасының қатысушысы)
92 келі. 1/16 финал
Айбек Оралбай – Қазақстан - Ханеул Жанг – Оңтүстік Корея.
Кеше аталған турнирде үш боксшымыз шаршы алаңға шығып, үшеуі де жеңіске жетті. Әйелдер арасында Римма Волосенко үшінші жеңісіне қол жеткізіп, ширек финалға шықса, Сәкен Бибосынов 1/16 финалда Кения спортшысы Дэвид Каранча Мачарианы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. Ал Айбек Оралбай алғашқы айқасын өткізіп, үндістандық Азия чемпионын ұтты.
Париж олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурызда мәресіне жетеді. Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынып жатыр.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через