Халықаралық тәжірибе

Бөлісу

Күзде әлем халқы 8 миллиард адамға жетеді – БҰҰ болжамы

  Күзде әлем халқы 8 миллиард адамға жетеді – БҰҰ болжамы

2022 жылғы 15 қарашаға қарай планета тұрғындарының саны 8 миллиард адамға жақындайды. Ал 2023 жылы Үндістан әлемдегі халқы ең көп елге айналады. Мұндай болжам БҰҰ-ның есебінде жарияланды.

Халық саны 1950 жылдардан бері өте баяу қарқынмен өсіп келеді. БҰҰ-ның соңғы болжамы бойынша, планета тұрғындарының саны шамамен бұлай өсуі мүмкін:

  • 2030 жылы – 8,5 млрд адам;
  • 2050 жылы – 9,7 млрд адам;
  • 2080 жылы – 10,4 млрд адам.

Шамамен 20 жыл бойы бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалады.

Биыл біз Жердің сегіз миллиардыншы тұрғыны дүниеге келеді деп отырмыз. Бұл өмір сүру ұзақтығын ұзартқан және ана мен бала өлімін айтарлықтай төмендеткен денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді тағы бір атап өтуге себеп болмақ. Сонымен бірге бұл планетадағы жағдайға ортақ жауапкершілікті еске салады.БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш

Туу көрсеткіші төмендеп барады

World Population Prospects 2022 баяндамасының авторлары соңғы онжылдықтарда көптеген елде туу көрсеткіші айтарлықтай төмендегенін атап өтті. 2022-2050 жылдар аралығында дүние жүзіндегі 61 елдің халқы туу деңгейінің тұрақты төмендігі және кейбір жағдайларда эмиграция деңгейінің артуы салдарынан кем дегенде 1%-ға азаяды.

2050 жылға қарай әлем халқының болжамды өсімінің жартысынан көбі мына сегіз елге тиесілі болады: Конго Демократиялық Республикасы, Египет, Эфиопия, Үндістан, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзания.

Өмір сүру ұзақтығы артып келеді

«65 және одан жоғары жастағы әлем халқының үлесі 2022 жылы 10 пайыздан 2050 жылы 16 пайызға дейін өседі» деген болжам бар.

2019 жылы әлемде өмір сүру ұзақтығы 72,8 жасқа жетті, бұл 1990 жылмен салыстырғанда 9 жылға жуық артық. Өлім-жітімнің одан әрі төмендеуі 2050 жылға қарай орташа жаһандық өмір сүру ұзақтығын шамамен 77,2 жасқа дейін жеткізеді деген болжам бар. 

Дереккөз Zakon.kz. Фото: esp.md

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через