Кувейт Қазақстан билігінің қабылдап жатқан шараларына қолдау білдірді

Кувейт Қазақстан билігінің қабылдап жатқан шараларына қолдау білдірді

       Кувейт тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Кувейт Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Ахмад Нассер әл-Мұхаммед әл-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті.

       Сұхбат барысында Кувейт министрі Әмірдің елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша Қазақстан билігінің қабылдап жатқан шараларына қолдау білдірген сөздерін жеткізді.

       М.Тілеуберді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңадан құрылған ҚР Үкіметінің алдына қойған, Қазақстанның қалыпты өмір сүру жағдайын қалпына келтіруге және қоғам мен экономикасын жаңартуға бағытталған жаңа міндеттері туралы хабарлады.

       Сонымен қатар, сұхбаттастар екі ел арасындағы ынтымақтастықты ары қарай нығайту, соның ішінде жоғары және аса жоғары деңгейлерде өзара сапарлар ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға назар аударылды, әсіресе АӨСШК шеңберіндегі ынтымақтастыққа.

       Ақпарат дереккөзі