фото: sputnik.kz
Күні бойы тоқ болып жүру үшін күрделі көмірсуларға, ақуызға бай тағамдарға, құрамында пайдалы май қышқылдарына басымдық беру керек. Әртүрлі және теңдестірілген диета денені қажетті энергиямен қамтамасыз етеді және аурулардың дамуына жол бермейді.
Мысалы, талшыққа бай тағамдар ұзақ уақыт тоқ болу жүруге көмектеседі және ас қорытуды реттеуге, қандағы глюкоза деңгейін бақылауға және жүрек-тамыр ауруларының алдын алуға жағдай жасайды. Диеталық талшықты көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақ, бұршақ дақылдары (бұршақ,, жасымық), тұтас дәнді дақылдар (жарма, қатты бидай макарон өнімдері, тұтас дәнді нан) болып табылады.
Сүт өнімдері, ірімшік, жұмыртқа, майсыз ет, құс еті және теңіз өнімдері ақуыздың жақсы көзі.
"Тамақтану рационыңызға авокадо, жаңғақ, қызыл балықты қосыңыз, бірақ көп жеуге болмайды, өйткені барлық майдың калориясы жоғары", - деп кеңес берді дәрігерлер.
Сорпалар туралы ұмытпаңыз. Олар диетаның міндетті бөлігі емес, бірақ сарапшының пікірінше, олар теңдестірілген және төмен калориялы тағам болуы мүмкін.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через