Кондитерлік сауда белгісіне есімін берген Олег Куликов отбасылық шағын бизнесін 1991 жылы ашқан. Саусағынан бал тамған аспаз атанған анасы баласының бойына тәтті тағам дайындаудың қыр-сырын жастайынан сіңіре білген. Бала Олег анасының қасында жүріп, тәтті тоқашқа қажетті қамырды ашытуды, илеуді, жаюды үйренген. Ал ержеткенде бұл қызығушылығын кәсіпке айналдыруды ұйғарған.
Әскерден оралған соң Олег Куликов көп ойланбастан жұбайы Ильвинамен бірге небәрі 7 шаршы метрлік ас бөлмеде «Құс сүті» тортын пісіріп, сата бастайды. Үш жылдан кейін екі туысқанын жұмысқа алып, өнімнің санын да, түрінде ұлғайта түседі.
Бүгінде Куликов брендімен шығатын тәттілер 4 елге танымал. Бір Алматының өзінде «Куликовский Казақстан» кондитерлік үйінің 40-тан астам дүкені бар.
Әлемді жаулап алуды мақсат тұтқан бұл бренд жақында елордамызда ұйымдастырылған "Қазақстанның үздік тауары 2022» көрме-жәрмеңкесіне қатысып, арнайы дипломмен марапатталды.
Фото: zoon.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через