Криштиану Роналду жаңа рекордына қол жеткізді

Криштиану Роналду жаңа рекордына қол жеткізді
фото: gas-kvas.com

Футболдан Португалия құрамасы мен Сауд Арабиясының «Аль-Наср» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду өз мансабында 1200 ойын өткізіп, жаңа рекордына қол жеткізді. 

«Аль-Наср» сапында «Аль-Риядқа» қарсы өткізілген кездесу атақты футболшының өз мансабындағы 1200 ойыны есебінде тіркелді.

Ол аталған межеден өткен бесінші футболшы болып отыр. Бұған дейін ол межені ағылшын Питер Шилтон (1375) мен Пол Бэсток (1286), бразилиялық Рожерио Сени (1237) мен Фабио Лопес (1212) бағындырған еді.

Биыл 5 ақпанда 39 жасқа толатын футболшы өз мансабында Португалияның «Спортинг Лиссабон», Англияның «Манчестер Юнайтед», Испанияның «Реал Мадрид», Италияның «Ювентус» клубтарында ойын көрсетті.

2022 жылдың 30 желтоқсанынан Сауд Арабиясының «Аль-Наср» клубымен 2,5 жылға келісім-шартқа қол қойды. 2003 жылдан ұлттық құрама сапында ойын көрсетіп келеді.

Дереккөз inform.kz.