Криптовалюта қауіп пе, әлде мүмкіндік пе? Ұлан Әшімханұлы

Криптовалюта қауіп пе, әлде мүмкіндік пе? Ұлан Әшімханұлы

Биыл көктемде Алматыда криптовалюта тақырыбында өткен жиында сарапшылар халықтың криптосауатын көтеру мәселесін талқылады. Жиынға қатысушылар блокчейн алыпсатарлық өндіріс емес екенін, болашаққа салынған инвестиция екенін алға тартты. Криптоактивтер – цифрлы валюта, қолға ұстауға болмайтын, айналымда жүрген қаржы.

Криптовалюта деген не?

Грек тілінен аударғанда "крипто" сөзі –  құпия, жасырын деген мағынаны білдіреді. Төлем бірлігінің бұл түрі өзгертуге келмейтін таңбалар жиынтығынан, яғни математикалық алгоритмдер арқылы шешілген әріптер мен сандардан тұрады. Түсінікті тілде криптовалютаны "цифрлы ақша" немесе "электронды ақша"деуге болады. Бұл ақшаның физикалық баламасы жоқ, сондықтан ол виртуалды кеңістікте ғана жүреді.

 Қазақстанда криптовалютаға қызығушылар қатары көбейді. Жалпы криптовалюта қауіп пе, әлде мүмкіндік пе? Осы сауалды, экономист, криптоинвестор Ұлан Әшімханұлына қойған едік.