фото: pexels.com
Оңтүстік Кореяның косметикалық өнімдер экспорты 2024 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда 20%-дан асты.
Корея кеден қызметінің мәліметіне сәйкес, Оңтүстік Кореяның косметика экспорты қаңтар-наурыз кезеңінде 2,3 миллиард доллар болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21,7%-ға көп.
Бұл – осы кезге дейінгі барлық бірінші тоқсандардағы ең жоғары деңгей.
Фото pexels.com.
Бірінші тоқсанда тауарлардың басым бөлігі Қытайға жөнелтілді. Ондағы экспорт 610 млн долларға жетті. Одан кейін АҚШ – 380 млн доллар, Жапония 240 млн доллар және Вьетнам 150 млн доллар көрсеткішке ие болды.
Деректерге сүйенсек, осы уақыт аралығында Оңтүстік Корея косметикасы әлемнің 175 елінде сатылған.
Дереккөз kaz.inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через