Иттердің негізгі қызметтік тұқымы – овчарка. Бұл оңай үйретілетін әмбебап иттер, олар кез келген тапсырманы орындай алады. Қызметке кіріспес бұрын олар адамнан да, жануардан да шыдамдылық пен жоғары зейінді қажет ететін күнделікті жаттығуларды бірге орындайды. Кинологиялық қызмет орталығындағы иттер негізгі 4 бағытқа жұмылдырылады. Алматы полициясы осындай ақылды, қызметтік иттердің жұмысын көрсетті, – деп хабарлайды Standard.kz.
Жеті қазынаның бірі - үйретілген иттердің өнерін тамашалау үшін ІІМ кинологиялық орталығына “Аяжан” медициналық колледжінің студенттері келді. Іс-шара “Наркостоп” қоғамдық қозғалысының көмегімен өтті.
Болашақ медицина қызметкерлеріне іздестіру иттерінің жұмысы және оларды есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте қолдану мүмкіндіктері көрсетілді. Жастар кинология қызметкерлерінің жұмысымен танысып, ізкесушілерді оқытуға жеке қатысуға мүмкіндік алды. Шараның мақсаты – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу және заңсыз көріністерге ымырасыз көзқарасты қалыптастыру, былайша айтқанда, салауатты иммунитетті қалыптастыру, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.
Фото Zakon.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через