фото: видеодан скриншот/tengritravel.kz
Ата-анасына әлемді көрсетуді армандамайтын адам жоқ шығар?! Жақын адамдарыңа жарқын эмоция сыйлаудан қымбат ештеңе жоқ. Әлеуметтік желілерде әкесінің арманын орындаған қазақстандықтың әсерлі оқиғасы көпшілікті тәнті етті.
Видео 1,2 миллион қаралым жинады. Онда Баден есімді желі қолданушысы 63 жастағы әкесінің алғашқы саяхатын көрсетті. Бойжеткеннің айтуынша, оның әкесі осы сапарды асыға күтіп, алдын ала дайындалды.
Желі қолданушылары Баденнің әрекетіне сүйсініп, бойжеткенге қолдау білдірді.
"Менің әкем 65 жаста, ол да биыл бірінші рет шетелге барады", "Бұл сондай керемет"," Мен әкеңіз үшін өте қуаныштымын", "Жер бетіндегі әр адамның армандарын орындауға мүмкіндігі болсыншы", "Менің әкем болмаса да, мен ол үшін өте қуаныштымын","Әкең екеуіңіз жарадыңыздар!", "Мен, тіпті, жылап жібердім", "Мен сіздерге қызығып отырмын! Әкем тірі болса, мен бүкіл әлемді шарлатар едім!", - деп жазады оқырмандар.
Сұхбат барысында Баден ата-анасы Архангельск ауылында тұратынын атап өтті. Өткен жылы бойжеткен анасына Ыстамбұлға жолдама сыйлады. Ал бұл жолы әкесіне Дубайды көрсетпек болды.
"Әкемнің өзі Дубайға ұшқысы келді. Өйткені ол ән салатын субұрқақты көргісі келді. Субұрқақтарға бірнеше рет бардық. Әкем бір кеште оны 3-4 рет тамашалады. Оған сапарымыз қатты ұнады. Әкем Дубайдың сұлулығына тәнті болды және қайта барғысы келетінін жасырмады", - деді ол.
Олар болашақ мұражайына, Дубай жақтауына, пальма аралдарына барып, қаланың басқа да көрнекі жерлерін тамашалады.
"Олар бұрын саяхатқа қызығушылық танытпайтын, бірақ қазір олар алдағы сапарларын өздері жоспарлап отыр. Мен өте қуаныштымын", - деп түйіндеді қазақстандық.
Материал kaz.tengritravel.kz сайтынан алынды.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через