Көмір электр станциялары ЕО-дағы ауаны ластауда

Көмір  электр  станциялары ЕО-дағы ауаны ластауда

Көмір  электр  станциялары ЕО-дағы ауаны ластауда

Қоршаған ортаны қорғаушылар оның Батыс Балқандағы көмір электр станцияларымен ластануы соңғы 3 жылда көрші аймақтар мен Шығыс Еуропада 19 мың адамның өліміне себеп болды деп мәлімдейді. Энергетика және таза ауаны зерттеу орталығы ЕО-да жағдай жақсарып келе жатқанын айтуда. Бұл елдер көмір шахталарын жауып, атмосфераға өнеркәсіптік шығарындыларды азайтты. Соған қарамастан,  Bankwatch экологиялық ұйымының Пиппа Гэллоп Сербия Мен Албания сияқты елдерде денсаулыққа қауіп төніп тұрғанына алаңдаулы.

"Батыс Балқандағы 18 кәсіпорын  қазіргі  уақытта  ЕО-дағы 221 ұқсас электр  станциясына  қарағанда  күкірт  диоксидін  көбірек  шығарады".

Диоксид немесе күкірт диоксиді-бұл улы газ, әсіресе өкпе аурулары бар адамдар үшін зиянды. Bankwatch есебіне сәйкес, осы улы  заттан  Италия,  Венгрия мен Румыния  еслдері ең көп зардап шегіп отыр.

Ауаның ластануы шекараны білмейді. Сондықтан бұл күрделі мәселе Еуроодақ  елдеріне қатысты болып отыр.  Атмосфераның ластануы туралы мәселе қазан айының басында Еуроодақ басшылығының өңір басшыларымен кездесуінде көтерілетін болады.