Колледж студенттеріне өздерінің стартап жобаларын жүзеге асыруы үшін қосымша мүмкіндік беріледі. Бұл туралы елордада өтіп жатқан «WorldSkills» республикалық чемпионаты барысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
«Кеше мен 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларымен кездестім. Олар шын мәнінде өте дарынды балалар. Тіпті олардың дайындық деңгейі мені таң қалдырды. Кеше біз «Топ-100 колледж студенттері» жобасының үздік студенттерін марапаттадық. Колледжде оқып жүрген көптеген балалар оқу аяқталғаннан кейін нарыққа шығуға және жұмыс іздеумен шектелмейді. Біз оларға бизнес идеяларын жүзеге асыру үшін қажетті құзырет береміз. Осылайша олар өздерінің стартап жобаларын дамытуына мүмкіндік алады», - деді министр.
Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов колледждерде бизнес-инкубаторлар ашылып жатқанын атап өтті.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через