Kazakhstan Smart Space халықаралық байқау нәтижесі анықталды

Kazakhstan Smart Space халықаралық байқау нәтижесі анықталды

       “Аэроғарыш саласында жаңа кадрлар дайындау, жас жеткіншектердің арасында техникалық мамандықтарды дамытып, олардың бұл салаға ынтасын арттыру мақсатында тұңғыш рет “Kazakhstan Smart Space” халықаралық конкурсын ұйымдастырылды.Байқауда Қазақстан мен Ресейдің жас өнертапқыштары ғарыштық техника және ғарыштық технологиялар бойынша көптеген жаңа жобаларын таныстырылды. Оның ішінде обототехника, түрлі ракеталар мен спутниктердің жасалу жолын көрсетіп берді.. 

       Байқауды ұйымдастырудағы басты мақсат еліміздегі кадрлар тапшылығын азайту болып табылады. 

       Бүгін 12 сәуір  адамның ғарышты бағындырғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған "Kazakhstan Smart Space" халықаралық байқауының финалистерін марапаттау рәсімі өтті. 

       ҚР Аэроғарыш комитетінің "Ғарыштық зерттеулер және технологиялардың ұлттық орталығы" АҚ, "Eurasian Space Ventures" ЖШС, "Қазақстанның жобаларды басқару институты" ҚҚ ұйымдастырды. Оған Қазақстанның, Ресей Федерациясының 7-22 жас аралығындағы колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері, мектеп және қосымша үйірмелердің оқушылары өздерінің оқытушыларымен және тәлімгерлерімен бірге қатысты. 

       

      Айта кетсек, байқау 2021 жылғы 16 желтоқсанда басталған. 2022 жылғы 11-15 наурыз аралығында тіркелген командалардың арасында финалдық турға қатысушыларды іріктеу өткізілді. Қазіргі уақытта финалға шыққандар тренингтерді, шеберлік сағаттарын, семинар-практикумдарды, сарапшылар кеңесі мүшелерінің коучинг сессияларының барлық кезеңдерінен сүрінбей өткендер. 

       Байқау ұйымдастырушысы бұл жоба балалардың ғарыш саласына деген қызығушылығы мен ынтасын арттыра түспек. 

       “Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтан бөлек Байқоңыр қаласына экскурция ұйымдастырмақ. Ғарыш саласында ұсынған жобалар бірден жүзеге асып кете алмайды.Араға жылдар салып, біртіндеп жүзеге аспақ. Десе де балалардың бұл жерде қолдарынан келетінін дәлелдеуге үлкен мүмкіндік болды. Сондай-ақ жобадағы жүлдегерлер ғарыш саласы бойынша басқа халықаралық байқауларға қатыса алады. Бұл балалардың ешқайсысы ақшалай сыйақыларға қызығушылық танытпайтыны көрініп тұр. Олардың бұндай конкурстарға қатысып, дұрыс бағытта жүрмін деп ойлаған сайын олардың ынтасы ашыла түседі. Мысалға кейбір өңірлердегі жастардың ғарышқа жақындауға мүмкіндігі жоқ. Ал байқау осындай жас таланттардың ғарыш саласына қадам жасауына мүмкіндік беріп отыр”, – деп атап өтті сарапшы.

       Бүгінде талантты кадрлардың жетіспеушілігі олардың тапшылығында емес, креативті жастардың өз қабілеттерін көрсететін платформаның жоқтығында болып отыр. Байқау осындай жастардың басын қосып, жаңа жобаларды жүзеге асыруға көмегін тигізбек. 

       "Ғарыштық технологиялар адамзаттың күнделікті өмірінің бір бөлігіне айналды. Бұл – ұялы байланыс, Жерді қашықтықтан көру және спутниктік навигацияның әртүрлі аспектілері. Осы технологияларды дамытуда әртүрлі саладағы мамандар қажет. Сол себепті жастардың шығармашылық ізденістер мен түрлі ғылыми ашылуларын қолдап, оны жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге тиіспіз. Дәл осы мақсатта Kazakhstan Smart Space халықаралық конкурсы өткізілді", - дейді Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы " АҚ басқарма төрағасы Марат Нұрғожин.